Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны тізе бүктірді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл ойында біздің құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті

smi24.kz

Белфастта 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия мен Қазақстан құрамалары кездесу өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ойында біздің құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті. Белфастта өткен матчта Абат Айымбетовтің 87-минутта соққан жалғыз голы Қазақстан құрамасына үш ұпайды әперді.

Сондай-ақ ел құрамасы сынға түсетін H тобында Финляндия Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңсе, Словения мен Дания 1:1 есебімен тең түсті.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді.