Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Қос чемпион арасындағы айқас 14 қазанда өтеді

Ашық дереккөздерден

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) кезекті қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бұл жайында Әлімханұлының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің facebook парақшасында мәлім етті.

«Ресми! Екі әлем чемпионы жұдырықтасады!

14 қазан. Техаста!

Қарсылас – IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Рекорды 21-0. Германиялық. Жасы 30-да.

Бұл - біздің мансабымыздағы ең үлкен жекпе-жек. Титул біріктірер сәт. Екі тұжырымда әлем чемпионы атанатын уақыт! Құдай қаласа, әлемді шулатамыз. Тарих жасаймыз!» - деп жазды өзінің парақшасында Берік Сұлтан.

Қос чемпион арасындағы айқас 14 қазанда Розенбергтегі Fort Bend Epicenter аренасында, Хьюстон маңында (Техас штаты) өтеді.

Неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери (21-0-1, 7 КО) - IBF чемпионы. Ол осыған дейін шілде айында бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңіп, чемпион атанған.

Ал Әлімханұлы соңғы рет мамырда чемпиондық белбеуін Стоктонда (Калифорния, АҚШ) қорғады, ол кезде канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жәнібек Әлімханұлы жаттықтырушысын ауыстырғанын жазған болатынбыз.