Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті

Qaz365.kz редакциясы

Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды.

Telegram / OlympicKZ

Қытайдың Хуанжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко жекелей жарыста чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Тасжолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбасшысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі. Осылайша велошабандоз Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды.

Әзірше Қазақстан стенд атудан екі,велоспортан бір, ескек есуден бір және нысана көздеуден бір алтын иеленген. Қазір Қазақстан 5 алтын, 9 күміс, 29 қола медальмен жалпы есепте 12-орында тұр.