Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінде бесінші орын алды

Qaz365.kz редакциясы

Гран-придің бірінші кезеңінде ресейлік Екатерина Лахно жеңіске жетті

Анастасия Королькова/ФИДЕ

Астанада әлемнің ең үздік 12 шахматшы әйелдері бақ сынап жатқан ФИДЕ Гран-при жарысы аяқталды, деп хабарлайды qaz365.kz “Спорт Шредингера” Telegram арнасына сілтеме жасап.

Турнирге қазақстандық үздік шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қатысты. Жансая Әбдімәлік бесінші, Бибісара Асаубаева оныншы нәтижені көрсетті.

Соңғы айналымда Жансая польшалық Алина Кашлинсканы жеңсе, Бибісара қытайлық Жу Цзиньермен тең түсті. Нәтижесінде, бүгінде 11 ойында Жансаяда 2 жеңіс, 7 тең және 2 жеңіліс болса, Бибісарада 1 жеңіс, 7 тең және 3 жеңіліс бар.

Гран-придің бірінші кезеңін 8 ұпай жинаған ресейлік Екатерина Лахно жеңіп алды.