«Менің ақшамды санап қайтесіздер»: Шавкат Рахмонов БАҚ-тағы ақпаратты жоққа шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Шавкат Рахмонов журналистердің сұрағына жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін Алматыда баспасөз мәжілісін өткізді. Тілшілердің бірі спортшыдан соңғы жекпе-жегінде қанша табыс тапқанын және қарсыласы Стивен Томпсонның 416 мың доллар алғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол ақпарат шындыққа жанаспайды. Мүмкін, ол менен көп алған шығар. Менің білетінім, Томпсон тіпті сол ақпаратта жазылған ақшадан көп алды. Өз табысым туралы айта алмаймын. Келісімшарт бойынша жариялауға болмайды. Менің ақшамды санап не істейсіздер?» – деді Шавкат Рахмонов.

Еске салсақ, бұған дейін Шавкат Рахмонов Лас Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде американдық спортшы Стивен Томпсонды жеңген еді. Ақпарат құралдары сол жекпе-жекте отандасымыз 306 мың доллар алса, қарсыласына 416 мың  доллар тиесілі болғанын жазған.