Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Qaz365.kz редакциясы

Үміткерлердің қатарында экс-премьер-министр Асқар Мамин де бар

Фото: Matchroom Boxing

Қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengri Sport-ке сілтеме жасап.

Растау құжатын редакция жариялады.

Құжаттан 14 ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткенін аңғаруға болады. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Өтінімдер олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялардан 11 ақпанға дейін қабылданды. Қазір ҰОК президеттігіне бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов үміткер.

Олар сондай-ақ дауыс беру арқылы жаңа президенттің атын және атқару комитетінің жаңа құрамын анықтайды.