×

ҚазҰУ жері әлі қайтарылмай жатыр - депутат Базарбек

Бақытжан Базарбек 2021 жылдан бастап ҚазҰУ жері, Алматының Іле-Алатау саябағының жері, таулары, алма бақтары жекенің қолына өтіп кеткенін айтады

ҚазҰУ жері әлі қайтарылмай жатыр - депутат Базарбек
qazygurt.kz

Депутат Бақытжан Базарбек Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері әлі күнге дейін қайтарылмай жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер депутатқа осы мәселе бойынша сұрақ қойған. Осыдан екі жыл бұрын «Бауыржан Байбек олигархтарға жер сатты, сол себепті ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек» деп мәлім еткен болатын. 

«Қандай да бір өзгерістер бар ма? Жер қайтарылды ма? Әлі де Байбекті сотқа шақыруды талап етесіз бе?» – деп сұрады депутаттан.

Бақытжан Базарбек 2021 жылдан бастап ҚазҰУ жері, Алматының Іле-Алатау саябағының жері, таулары, алма бақтары жекенің қолына өтіп кеткенін айтады. Базарбек Парламентке дейін тәуелсіз заңгер ретінде осы мәселені көтерген. 

«Қажет десеңіз, 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы департаментіне өз атымнан... 2018-2019 жылдары Бауыржан Байбек әкім болып тұрған кезде қаулы қабылдаған. 2017-2019 жылдар аралығында 8-ге жуық қаулы қабылдаған. Соның салдарынан ҚазҰУ жері, алма бақтары, таулы бөктердегі жерлер өтіп кеткен. Соған байланысты қылмыстық іс қозғау туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тиісті арызды жолдадым. Бірақ өкінішке қарай, ҚазҰУ жеріне байланысты Алматы қаласының антикор департаменті істі қозғаудан бас тартты», - дейді ол.

Арызында Базарбек «Бауыржан Байбектің үстінен» деп жазған. Себебі қаулыға Бауыржан Байбек қол қойған. 

«Бірақ нәтиже болған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматыдағы департаменті «ҚазҰу жеріне байланысты ведомствоаралық комиссия құрылып жатыр, соның шеңберінде шешім қабылданады, сізді сол комиссияға шақырамыз» деді. Бір ай, екі ай, бес ай, бір жыл өтті. Ешкім мені шақырған жоқ. Шақырмағаннан кейін амалсыз 2022 жылы «Жер аманаты» республикалық комиссиясы аясында тексерісті ашуға тура келді», - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, 2022 жылдың маусымында ҚазҰУ жеріне байланысты тексерісті ашуға арыз берген. Соның нәтижесінде жер ресурстарын басқару департаменті тексерісті ашып, заңбұзушылық анықталып, тиісті ұйғарым да шығарған. 

«Соның нәтижесінде төрт қаулыны заңсыз деп таныды. Содан кейін енді ҚазҰУ жері мемлекет меншігіне қайтарылуы керек қой!? Ол жер әлі қайтарылған жоқ. Себебі 2019 және 2020 жылы бұзылмаған үш қаулы бар. Соны қазір жер ресурстарын басқару департаменті бұзып жатыр. Сот қайтарып жатыр», - дейді ол.

«Алған олигархтың есімін атай аласыз ба?» деген сұраққа Базарбек Atlas development деген компанияның атын атады. 

«Оның құрылтайшылары – Динара және Тимур Құлыбаевтар. Соларға ҚазҰУ жері 2017 жылы қаулымен ҚазҰУ-дың бастапқы жер көлемі 74,2 га еді. Екі ортада 73,4-ке дейін қысқарып кеткен. Былайша айтқанда, жерді жан-жаққа бере берген ғой. 2010 жылы ҚазҰУ жері 80 га еді. Сөйтіп азая берген. Қазір 73,4 га-ға қысқарған», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
Бүгін, 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →