×

Ойдан құрастырылған себептерге тап болдық - Максим Галкин Астана мен Алматыдағы концертіне тыйым салынғанын айтты

Максим Галкин Ресей Федерациясы әділет министрінің 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен шетелдік агент болып танылған

Ойдан құрастырылған себептерге тап болдық - Максим Галкин Астана мен Алматыдағы концертіне тыйым салынғанын айтты
Eg.ru

Ресейлік артист, пародист Максим Галкин әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда концертін өткізуге жасырын тыйым бар екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Басында бәрі керемет еді. Біз Алматы және Астанада концерт өткізуге уағдаластық. Билеттер сатылды, бәрі жақсы келе жатқан. Сосын кулуардағы шектеулер басталды. Ойдан құрастырылған себептерге тап болдық.  Билет сату тоқтатылды. Соған қарағанда Қазақстан билігіне ұнамай қалған тәріздімін. Менің концертімді өткізуден қорықты», - дейді Галкин.

Максим Галкин Ресей Федерациясы әділет министрінің 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен шетелдік агент болып танылған. Ол жұбайы Алла Пугачева екеуі қазір Кипрде тұрады. 

Жақында ғана оның Эстония астанасы Таллиндегі концерті де өтпей өтпей қалған болатын. 
Бұған дейін Қонаев қаласында Ресей эстрадасының әншісі Григорий Лепстің концерті өткізуге тыйым салынған  еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →