×

Абай облысында мектептерге Алаш қайраткерлерінің атын бермекші

Бұл туралы әлеуметтік ақын Мерей Қарт жазды

Абай облысында мектептерге Алаш қайраткерлерінің атын бермекші
Ашық дереккөзден

Абай облысы әкімінің қаулысы мен облыстық мәслихаттың  шешімімен мектеп атауларын өзгерту жөнінде республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әлеуметтік ақын Мерей Қарт жазды.

«Соның ішінде төмендегі атаулардың орнына келуін республикалық ономастикалық комиссиясы мақұлдаса дейміз. Қалған ұсынылған және әлі де ұсынылатын атаулар алдағы уақытта тағы қарастырылады», - дейді ол.

1. Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің                  «№ 18 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің                  «Әлімхан Ермеков атындағы                    № 18 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
(Ә. Ермеков - Семей облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алаш қайраткері, ғалым-математик)

2.  Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Озерки   жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкір Әбенов атындағы жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ
(Ш. Әбенов–қазақ кеңес жазушысы, ақын, фольклоршы, композитор, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысушы)

3.  Абай  облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Сергиополь жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ
Абай  облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Бозай жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ
(Бозай–Бозай  ауылы  Аягөз  қаласынан  батысқа  қарай  25  шақырым  жерде, Аягөз  өзенінің  бойында  орналасқан. Бозай  -  Аягөз  өзеніне  қосылатын сағаның атауы)

4.  Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Құнанбай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
(Құнанбай - қазақ халқының қоғам қайраткері, би, Қарқаралы округының аға сұлтаны)  

Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Глуховка орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ
(Д. Қонаев -  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері)

7.  Абай облысы  білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Бөдене орта мектебі» КММ                
 
Абай  облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің                                «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы негізгі мектебі» КММ
(А. Байтұрсынов - Алаш қайраткері,  ағартушы, ғалым-лингвист)
 
9.  «Абай  облысы Жарма ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ                                          
«Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің Дулат Бабатайұлы атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
(Д. Бабатайұлы - Қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алатын ақындарымыздың бірегейі, «Зар заман әдебиетінің көрнекті өкілі», заманының заңғар жыршысы, Ұлы Абайдың ұстазы)

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 1 жалпы білім беретін мектебі»  КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы                  № 1 жалпы білім беретін мектебі»  КММ

Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін
 
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Кәмен Оразалин атындағы жалпы білім беретін  гимназиясы» КММ
(К. Оразалин - жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы)
 
 Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы білім бөлімінің «Сосновка  орта мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы білім бөлімінің                                     «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ

Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданының білім бөлімінің «Кривинка негізгі мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы білім бөлімінің «Талғат Бигелдинов атындағы негізгі мектебі» КММ

Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы білім бөлімінің «Канонерка орта мектебі» КГУ  
 
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы білім бөлімінің                                  «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КГУ

Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы  білім бөлімінің «Семияр орта мектебі» КММ                
 
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай  ауданы  білім бөлімінің                        «Махмед Қайырбаев атындағы орта мектебі» КММ  
(М. Қайырбаев - Кеңес Одағының батыры)

Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің «Георгиевка орта мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің «Әзілхан Нұршайықов атындағы орта мектебі» КММ  

Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің «Тұрсынхан Әбдірахманова атындағы орта мектеп - балабақша кешені» КММ
(Т. Әбдірахманова - белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның халық жазушысы)
 
Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің «Н. Крупская атындағы орта мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің                    «Балғабек Сүлейменов атындағы орта мектебі» КММ
(Б. Сүлейменов-Ұлы Отан соғысының ардагері, «Социалистік Еңбек Ері»)

Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің «Маяковский атындағы  орта мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Жарма  ауданы білім бөлімінің                   «Әлихан Бөкейхан атындағы  орта мектебі» КММ
 
Абай облысы білім басқармасының Көкпекті  ауданы  білім бөлімінің «Үлкенбөкен орта  мектебі» КММ                            
 
Абай облысы білім басқармасының Көкпекті  ауданы  білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта  мектебі» КММ.

«Ал Қайым Мұхамедханов атына ұсынылған Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Семеновка орта мектебі»  жарамайды, облыс орталығынан берілуі тиіс, ономастикалық комиссия қайта қарасын.  Бесқарағай, Бородулиха т.б.  аудандарындағы кейбір мектептердің атаулары жоқ, оларға белгілі тұлғалардың есімімен қатар жер-су атауларын беруді ұсынды», - дейді Мерей Қарт.

Оның айтуынша, ономастика тізімінде тарихи тұлғалардың тізімі бар. Сол тізім бойынша да қарастыру керек деп отыр.

«Біздің облысымызға еңбегі сіңген қаншама тұлғаларымыз бар. Мысалы, музыка мектебіне Тұрсынғазы Рахымов, Бекен Жамақаев, Теміржан Базарбаев, Бекен Жамақаев, Санақ Әбеуов, Болат Сыбанов, Жәнібек Кәрменов, Келденбай Өлмесеков атын қоюды да қарастыру керек. Тарихи тұлғаларымызды қайтадан тұғырына қондырған кезде болашақ ұрпақ қандай мектепте оқып жүргенін, кімнің ұрпағы екенін сезініп жүреді», - дейді ақын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →