×

ҰБТ тапсырушылар шпаргалканы қалай қолдануға тырысты

ҰТО директоры ең креативтілерін көрсетті

ҰБТ тапсырушылар шпаргалканы қалай қолдануға тырысты
Коллаж: Qaz365.kz

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектер шпаргалкаларды қалай қолдануға тырысқанын көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ережебұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы 2522, 2021 жылы 756, 2022 жылы 327 тыйым салынған зат анықталған. Яғни, көрсеткіш 400 есеге азайған. 

"Дегенмен сақтықта қорлық жоқ деп, шпаргалкаларға жүгінетін талапкерлер әлі де бар. Мысалы, ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша ең креативтілерін осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлер өкінішке қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдай алмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды.

Айта кетейін, тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады. Естеріңізде болса, өткен жылы постмониторинг нәтижесінде 200-ден аса адамның нәтижесін жойдық, оның ішінде 137-сі грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады", – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →