×

Министр Нұрбек ҚазҰУ басшылығы жұмыстан қуған оқытушының қызметінде қалатынын мәлімдеді

Министр Нұрбек ҚазҰУ басшылығы жұмыстан қуған оқытушының қызметінде қалатынын мәлімдеді
Коллаж Qaz365.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан «негізсіз шығып қалдым» деп пост жазған оқытушы Дастан Қастайдың мәселесін Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек бақылауына алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас оқытушысы Дастан Қастайдың әлеуметтік желідегі ашық хатына байланысты оқу ордасының басшылығымен тікелей байланыстым және ұстаздарды жұмыстан шығару немесе қудалау фактілері болмауы керектігі бойынша кеңестерімді бердім. Қазіргі уақытта Дастан Қастай  бауырымыздың жұмыстан шығарылғаны  туралы бұйрық жоқ екендігін және  журналистика факультетіндегі қызметін жалғастыра беретіндігін баршаңызға қуанышпен  жеткіземін», - деп хабарлады Саясат Нұрбек.


Еске сала кетейік, бұған дейін журналист, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай жұмыстан негізсіз шығып қалғанын жазған еді. Бұл жайтты әлеуметтік желіге пост ретінде жазған ол университет мұндай қадамға не үшін барғанын нақты түсіндірмей отырғанын айтып, Президентке жүгінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті
Кеше, 12:51

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды
Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» заңның кейбір нормалары күшейтіледі
Мектеп директоры ешкімнің өмір бақи отыратын орны болмауы қажет
Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі бұйрыққа қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →