×

Алматыда Горький саябағындағы дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Құлаған ағаш дәмхананың шеткі бөлігін жермен жексен етті

Алматыда Горький саябағындағы дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады
видеодан кадр

Алматыда Горький атындағы саябақтағы дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде таралған видеода құлаған ағаш дәмхананың шеткі бөлігін жермен жексен еткен.

Дәмхана қонақтары ағаш құламай тұрып, дәмханадан шығып үлгерді. 

Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті болған жағдайға түсініктеме берді.

"Мамандар саябақ аумағына барып, тексеріс барысында көпжылдық ағаштың құлағаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Ағаш дәмханаға іргелес жатқан "Алтын Тараз" ЖШС-не тиесілі.

Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп, ұстау және қорғау ережесіне сәйкес меншік иесі күтіп-баптау жұмыстарын, оның ішінде іргелес аумақта өсіп тұрған ағаштарды санитарлық кесуді жүргізуі тиіс. Басқарма аумақтың иесіне санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жолдады", - деп түсіндірді басқарма.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысынан кейін депутат пікір білдірді
Ол қалай тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →