×

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Пойыз жүруге дайындалып жатқан

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Tengrinews.kz

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 маусымда пойыздар жүруге дайындалып жатқан Алматы-2 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде пойыз вагонының дөңгелегі ығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болмаған.

"Тағы бір пойыз жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - деді ҚТЖ өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →