×

Алматыда пара алғаны үшін кеден зертханасының басшысы сотталды

7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматыда пара алғаны үшін кеден зертханасының басшысы сотталды
gov.kz

Алматыда қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

18 қараша күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А.Сатыбалдиев пен бас маман Б.Әлібековке қатысты үкім шығарды.

«Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген агенттік хабарламасында. 

Антикор мәліметінше, сол үкіммен кеден брокерлері В.Николас, С.Казанцева және  С.Гаруниға пара бергені үшін айыппұл салынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →