×

Түркиядағы жер сілкінісі: 341 адам қамауға алынды

Қираған ғимараттарды талапқа сай салмады деген күдікпен 564 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Түркиядағы жер сілкінісі: 341 адам қамауға алынды
Getty Images

Түркияда бірнеше мәрте қайталанған жер сілкіністерінен кейін 341 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қираған ғимараттарды талапқа сай салмады деген күдікпен 564 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың кейбірі іздеуде, 160-қа жуығы қамауға алынды.

Сондай-ақ, тонау ісі бойынша бойынша 282 адамның үстінен іс қозғалған. Олардың 181-і ұсталды.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда табиғи апат салдарынан 43 мыңнан астам адам қаза тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →