×

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты Айдос Үкібай жоққа шығарғанымен, кейбір БАҚ өкілдері бұған сенімді. Отандық  Orda.kz порталы Сара Алпысқызын Қаскелең маңындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратына жерленген болуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды. Orda.kz тілшілері оқиға орнына барып, ешқандай жазуы жоқ, белгісіз қабірді көрді. Жаңа зират марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің дәл жанында орналасқан. Бұл – Қазақстанның экс-президентінің жары өмірден озды деген болжамды растай түседі.

Портал дереккөздері Сара Алпысқызының Алматыдағы Президент істері басқармасына қарасты Республикалық клиникалық ауруханада (көпшілікке «Совминка» деген атаумен танымал) ем алып жатқанын, жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып, көз жұмғанын хабарлады.

Cоңғы күндері Алматыда болған оқиғалар бұл мәлімдемеге күмән тудырып отыр. Біріншіден, бұрын Сара Назарбаева жатқан «Совминка» ауруханасының күзеті сәрсенбі күні түстен кейін алынған. Сол уақыттан бастап ол жерде ешқандай күзет болмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →