×

«Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын». Оқ тиген Берденов алғаш рет мәлімдеме жасады

«Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын». Оқ тиген Берденов алғаш рет мәлімдеме жасады
Руслан Берденовтің жеке парақшасынан

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауруханада өткен үш апталық ем-домнан кейін сауығып, жағдайы жақсарып қалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құрметті шымкенттіктер, қадірлі Қазақстан халқы! Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын.Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді, - деді Берденов.

Ол 3 аптаға созылған ауруханадағы күндері аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалғанын жазды.

Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді. Әсіресе аурухана ұжымына. Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық.Баршаңыздың қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңызға шексіз алғысымды айтамын, - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған
Кеше, 13:00

"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған

Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы ресми құжатқа қол қойды
Олардан 15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →