×

«AMANAT»: медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартпақ

Партия денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтуға қол жеткізбек

«AMANAT»: медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартпақ
"Аманат" партиясы

Петропавлда партиялық тізімі бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Владимир Эрман көпсалалы балалар ауруханасының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Кездесу барысында «AMANAT»-тың өкілі партияның Сайлауалды бағдарламасы туралы әңгімелеп, әлеуметтік салаға қатысты бастамалар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Біз денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтуға қол жеткіземіз. Медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Біз медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын, медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын ұсынамыз. Партия денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің мемлекеттің қамқорлығына алынуын қамтамасыз етеді. Біз сіздердің мәртебеңізді заң жүзінде бекітеміз және жұмыс жағдайын жақсартамыз», - деп атап өтті Владимир Эрман.

Айта кетейік, Петропавлда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін «AMANAT» партиясы «Береке» және «Жас Өркен» шағынаудандарында 2 емхананың құрылысын аяқтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруға жәрдемдесуге ниетті.

Сондай-ақ, Владимир Эрман денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру және медицина қызметкерлеріне көтерме төлемдер бөлу жоспарлары туралы айтты. Ұсынылған қолдау шаралары ұжым өкілдерін шабыттандырды. Жиын соңында депутаттыққа кандидат алдағы 19 наурыздағы сайлауда қызметкерлерді «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →