×

«Дамба жарылды»: БҚО-да ауыл тұрғындары екі күннен бері ағынды сумен арпалысып жатыр

Айналадағы сай-сала, ауылдың іші суға толып, теңіздей шалқып жатыр

«Дамба жарылды»: БҚО-да ауыл тұрғындары екі күннен бері ағынды сумен арпалысып жатыр
Видеодан кадр

«Дамба жарылды».  Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылының тұрғындары осылай деп отыр. Мұнда 30 шақты үй су астында қалды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

- Бұл ауылда тұрғаныма 20 жылдан асты. Тіпті осы жердің байырғы тұрғындары да «мұндай алапат су тасқыны ешқашан болған емес» деп отыр. Суға кеткен үйлер негізінен ауылдың шет жағында орналасқан. Екі күннен бері дүрлігіп жатырмыз. Түн баласына ұйқы жоқ, көз ілмей шығамыз. Ауылдың бүкіл ер-азаматы жұмылып, құтқару жұмыстарында жүр. Негізінен Ақбұлақтағы дамба жарылған деседі. Содан шыққан су Утва өзеніне құйылып, арнасынан тасып, бізге қарай ағуда. Оның үстіне еріген қар суы бар. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, кешеден бері жаңбыр да толассыз жаууда, - дейді Кеңтүбек ауылының тұрғыны Сағидолла Сәрсенғалиев.

Тұрғынның айтуынша, ауылға келетін жолды төрт жерден қарғын су жырып кеткен. Айналадағы сай-сала, ауылдың іші суға толып, теңіздей шалқып жатыр. Құтқарушылар адамдарды қайықпен тасымалдап жатыр. Бар-жоғы 7-8 шақырым жердегі аудан орталығы Ақсай қаласымен, басқа да елді мекендермен байланыс жоқ.

- Судың тереңдігі бір метрдей, үйлер ортан белінен суда тұр. Адамдарды ауыл орталығындағы су кірмеген үйлерге, эвакуациялық пунктке орналастыруда. Суға кеткен үйлердің басым көпшілігі саманнан тұрғызылған, кейбіреулері құлап жатыр. Қорасындағы малдарын да тракторға тиеп, қауіпсіз жерге шығарып жатырмыз. Бұл бір елдің басына түскен нәубет болды. Әйтеуір, адамдардан да, малдан да шығын жоқ. Соған шүкіршілік етіп отырмыз, - дейді кетүбектік азамат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың соты: Алқабилерге қойылған сұрақтар оқылды
Бүгін, 11:21

Бишімбаевтың соты: Алқабилерге қойылған сұрақтар оқылды

Судья алқабилерге қойылатын сұрақтарын оқыды
Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі
Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →