×

Астанада ереуілдеткен жаңаөзендіктер Үкіметке талабын қойды

Олар келіссөздер тобын да құрды

Астанада ереуілдеткен жаңаөзендіктер Үкіметке талабын қойды
видеодан кадр

Астанада кешеден бері ереуілдетіп жатқан жаңаөзендіктер Үкіметке талабын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Наразы топ Энергетика министріне, «ҚазМұнайГаз» басшылығына және Бас прокурорға үндеуін жолдады. Олар келіссөздер тобын да құрды.

“Энергетика министрі Сәтқалиев Алмасадам, ҚазМұнайГаз басшысы Мағзұмға, Өзенмұнайгаз басшысы Қилыбайға, бас прокурор Берік Асыловқа!

Біздер, бір топ Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы тұрғындары Астанаға келгенбіз. Өңіріміздегі тендерлік сатып алу мәселесі жекеменшік кәсіпкерлер арасында бәсеке туындатыпп, халықты жұмыссыздыққа итермелеуде. Абсолюттік монополияға бәсекелестік артуда. Алайда осы тендерді ұйымдастырып отырған ҚазМұнайГаз бен Өзенмұнайгаз арасындағы жауапты комиссия мүшелері заң талабын бұзып, экономикамыздың шырқын бұзуда. Тендерді өткізген азаматтардың қаншалықты заңды өткізгенін анықтап, келесі тендердің комиссия мүшелерінен алып тастауды талап етеміз”, – деді наразылық білдіргендер.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады
Бүгін, 12:14

"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады

Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты
Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →