×

Freedom Now Жанболат Мамайға шыққан үкімді сынап, Қазақстан билігіне үндеу жасады

Сот оған алты жыл шартты жаза кескен

Freedom Now Жанболат Мамайға шыққан үкімді сынап, Қазақстан билігіне үндеу жасады
ult.kz

Вашингтонда орналасқан Freedom Now үкіметтік емес ұйымы тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі Жанболат Мамайға шыққан сот шешімінің күшін жою және оған қатысты барлық шектеуді алып тастау жөнінде Қазақстан билігіне үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

10 сәуірде Алматы қаласындағы Бостандық ауданының № 2 соты "Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен Жанболат Мамайға алты жыл шартты жаза кескен. Саясаткер бұл айыпты мойындамаған.

Freedom Now ұйымының атқарушы директоры Маран Тернер дүйсенбідегі мәлімдемесінде Жанболат Мамайға шыққан үкімді "Қазақстан билігін сынамауға мәжбүрлеу үшін қозғалған істің шарықтау шегі" деп сипаттаған. Оған алты жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыспен, журналистикамен, пулицистикамен айналысуға, қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуға тыйым салынғанын Тернер "заңды әрі бейбіт саяси қызметпен айналысуға тосқауыл қою үшін жасалған әрекет" деп есептейді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Кеше Жанболат Мамай сот шешіміне келіспей, апелляциялық сотқа арызданатынын мәлімдеген. Заң бойынша, сот үкімі 15 күнде күшіне енеді. Судья сот үкімі күшіне енгенше Жанболат Мамай үйқамақтан шығарылмайтынын хабарлаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →