×

Қызылордалық полицейлер жоғалған 71 жастағы қарияны іздеп тапты

Белгісіз бағытқа шығып, үйіне оралмаған

Қызылордалық полицейлер жоғалған 71 жастағы қарияны іздеп тапты
polisia.kz

Қызылордалық полицейлер жоғалған 71 жастағы қарияны іздеп тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда полиция басқармасының "102" арнасына Қызылжарма ауылының тұрғыны жолдасының үйден 26 сәуір күні сағат 08:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып, үйіне оралмағаны жөнінде арызданған.

Жедел іздестіру шараларына Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамы, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Нәтижесінде 71 жастағы қария кешкі уақытта қала көшелерінің бірінен аман есен табылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →