×

Бүгіннен бастап ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды

Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі

Бүгіннен бастап ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды
Ұлттық тестілеу орталығы

Қазақстанда ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҰБТ-ға:

  • 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;
  • мектеп және колледждің былтырғы түлектері;
  • шетелде 11(12)-сынып білім алушылары;
  • қандастар;
  • шартты түрде оқып жатқан студенттер қатыса алады.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

2023 жылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Талапкерлер ҰБТ-ға тіркелетін кезде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

Талапкерлер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш бере алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →