×

Маңғыстау облысында жастарды қолдауға 762 млн теңге бөлінді

Грант қаржысы есебінен 11 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады

Маңғыстау облысында жастарды қолдауға 762 млн теңге бөлінді
Ашық дереккөздерден

Биыл Маңғыстау облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 762 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Өңірде 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 232 994.

«Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 3 басым бағыт белгіленіп отыр. Алғашқы бағыт бойынша жастардың мәселелеріне қатысты жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады. Екінші бағыт жастар ресурстық орталықтарының қызметін жүйелендірілсе, үшінші бағыт бойынша жастар ұйымдарына көмек көрсетіледі», - деді Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқаш Оралбай.

Аймақта 5 аудандық, 1 қалалық, 1 облыстық жастар ресурстық орталығы бар. Алайда, ол орталықтар жастарға арналған заманауи ғимаратпен қамтамасыз етілмеген.

Биыл облыста жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған гранттық қаржыландыру көлемі 25 миллионнан 250 миллион теңгеге артып, 163 жас 2,5%-бен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.

Сонымен қатар, өңірде алғаш рет «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасы және жастардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ грант қаржысы есебінен өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жастарға арналған 11 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →