×

Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден баласы бар әйелді құтқарды

Үйдің 15 тұрғыны өз бетімен пәтерлерін тастап шыққан

Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден баласы бар әйелді құтқарды
Ашық дереккөздерден

Өскеменде өрт сөндірушілер екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болған өрт кезінде баласы бар әйелді құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үй Металлургтер көшесінде орналасқан. Өрт 5 шаршы метр аумақта болған, онда жиhаздар және жеке заттар жанған.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті құтқарған сәтінің видеосын жариялады. 

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, сондай-ақ электр жабдықтарын апатты жағдайда пайдалану.

Үйдің 15 тұрғыны өз бетімен пәтерлерін тастап шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып, түтін мен улы жану өнімдерінен сақтандырған құтқару капоттарының көмегімен көрші пәтерден баласы бар әйелді алып шықты.

Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен жеке құрамның 15 адамы қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →