×

Дзюдодан әлем чемпионаты: үшеуі де жеңілді

Үшінші жарыс күні

Дзюдодан әлем чемпионаты: үшеуі де жеңілді
prosports.kz

9 мамыр - дзюдодан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні татамиге қазақстандық үш спортшы шықты. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Бақыт Құсақбаева, ал ерлерден 73 келіде Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев сынға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Данияр Шамшаев (73 келі) әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Түркия елінің өкілі Умалт Демирельден басым түскенімен, екінші айналымда 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы италиялық Мануэль Ломбардо "вазари" ұпайымен ұтылды.

 

Жансай Смағұлов та (73 келі) әлем чемпионатын аяқтады. Алғашқы кездесуде IJF жалауы астында өнер көрсететін Ресей балуаны Махмадбек Махмадбековпен кездесті. Қарсылас кездесу басында "вазари" ұпайын иеленіп, белдесу соңына дейін осы басымдығын сақтап қалды.

Бақыт Құсақпаева (57 келі) да бірінші айналымнан аса алмады. Алғашқы белдесуде қателік жіберіп, жаңа зеландиялық Кона Кристиден жеңілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →