×

Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды

Оқиға Сейфуллин даңғылында, Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында болған

Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды
zakon.kz

Самокат мен мотоциклдің соқтығысуынан кісі өлді, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Оқиға Сейфуллин даңғылында, Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында болған.

Yamaha мотоциклін мінген жүргізуші Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта, ал самокатты жалға алған тұрғын солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Ол солға – Политехническая көшесіне бұрыла бастаған, бірақ дұрыс есептемей, мотоциклдің дәл алдына бұрылған. Мотоциклші қатты жылдамдықпен оны қағып кеткен.

Самокат, мотоцикл және оны айдап келе жатқан екеуі де екі жаққа, бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен.

Оқиға орнына жеткен “жедел жәрдем” зардап шеккен екеуін де алып кетті. Бірақ көлік қозғала бастағанда-ақ самокат мінген тұрғын қайтыс болды. Мотоцикл жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы қызметкерлері оқиға орнында жүр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды
Кеше, 09:51

18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды

Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.
Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →