×

Астана тұрғыны таксимен 5 келіге жуық марихуана әкеле жатқан

Астана тұрғыны таксимен 5 келіге жуық марихуана әкеле жатқан

Жамбыл облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Меркі – Шу – Бурылбайтал» трассасының 260-шақырымында аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері «Honda Accord» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көліктің багажынан жолаушы болып келе жатқан Астана қаласының 38 жастағы тұрғынына тиесілі, жалпы салмағы 4 келі 700 грамм кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакет табылды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады.Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді«, – деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →