×

Астанада көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тиді

Бірнеше адам аялдамада отырған

Астанада көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тиді
видеодан кадр

Астанада көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тиді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бірнеше адам аялдамада отырған. Бір сәтте адамдардың арқа тұсынан көлік дөңгелегі келіп соғады. Қыз соққы алып, жерге құлайды.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 27 сәуірде болғанын хабарлады.

"Тексеру барысында Абылай хан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында жеңіл көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тигені анықталды. 18 жастағы қызға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бұл мәселе бойынша полицияға шағымдар келіп түскен жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді полиция қызметкері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →