×

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

Барлығы екі кандидат болды

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды
РИА Новости / Рамиль Ситдиков

 ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.

Барлығы екі кандидат болды. Олар - ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев басым түсті.

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

1988-1991 жылдары - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі. 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары. 2000-2001 жылдары - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.

2006-2007 жылдары - «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.

2008-2009 жылдары - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.

2009-2010 жылдары - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

2010-2014 жылдары - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2014-2016 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі.

2016-2018 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2020 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі су тасқынына қарсы күрескендерді марапаттады
Бүгін, 14:46

Алматы әкімі су тасқынына қарсы күрескендерді марапаттады

Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →