×

Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегатын жөндеу аяқталды

Жабдықтарды жаңартумен қатар, станция нысандары да жөнделеді

Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегатын жөндеу аяқталды
Ашық дереккөздерден

Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегатын жөндеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары Екібастұз ЖЭО-ның екі қазандық агрегатында аяқталды: №7 (күрделі жөндеу) және №9 (ағымдағы жөндеу). №11, №14 және №15 қазандықтарының ескі жабдықтарын бөлшектеу толығымен атқарылды. №12 және №13 қазандықтарында бөлшектеу және ақаудың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жабдықтарды жаңартумен қатар, станция нысандары да жөнделеді. ЕЖЭО бас ғимаратының жылу контурын қалпына келтіру үшін құрылымға техникалық тексеру жүргізілді, бұзып алып тастауға және ауыстыруға жататын қабырға және төбе плиталарының картасы жасалды. Жұмыстарға өнеркәсіптік альпинистер, мамандандырылған жабдықтар мен техника жұмылдырылған. Жұмыстарды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары кестеге сәйкес уақтылы жүргізіліп келеді. Бүгінде мұнда 2 400 метрден астам құбыр орнатылған.

Өңір басшысы Асайын Байханов ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысын тексеріп, жұмыс қарқыны мен сапасын төмендетуге болмайтынын атап өтті. Өйткені, алдағы жылу беру маусымдарының сәтті өтуі барлық бағыттағы үйлесімді жұмысқа байланысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →