×

Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің магнитудасы – 4,6

Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Ашық дереккөздерден

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 маусым күні Алматы уақытымен сағат 2:51-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4,6. Эпиошақ координаттары – 47.05° с.е. 80.20° ш.б. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →