×

Әулиекөлдегі өртенген орманның орнына отырғызылған ағаштар қурап жатыр

Өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған болатын

Әулиекөлдегі өртенген орманның орнына отырғызылған ағаштар қурап жатыр
kstnews.kz

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында былтыр өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар қурап жатыр. Оның себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі жергілікті Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған болатын. Орманшылар олардың кебуінің себебі неде екенін айта алмады.

«Қазір «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына» хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде іске асады», – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →