×

Алматыда жанжал үстінде ер адам танысын атып тастады

Ол оқиға орнында көз жұмды

Алматыда жанжал үстінде ер адам танысын атып тастады
myslo.ru

Алматының Байзақов көшесінде ер адамды атып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды. Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматы қаласы Полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған», - деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →