×

Ассамблеядан сайланған депутаттар қайдан шыққанын ұмытып кетті - журналист

ҚХА атынан Сенатқа 5 депутат тағайындалған болатын

Ассамблеядан сайланған депутаттар қайдан шыққанын ұмытып кетті - журналист
Коллаж: Qaz365.kz

Алматыда сенатор, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай, жоғары палатаның спикері Мәулен Әшімбаевтың атынан БАҚ өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мерекеге орай, Сенат төрағасы атынан бірнеше журналист  мен редакторға  алғыс хат табысталды. Сонымен қатар журналистиканың жай-күйі талқыланды. Өңірдегі журналистер  "Пәтер неге тек Астанадағы журналистерге беріледі?" деген мәселені көтерді. Оның ішінде телевизия саласында көбірек берілуі де сайт пен баспасөзде қызмет ететіндердің қытығына тиген секілді. Сондай-ақ газет  редакторлары жазылу мәселесіндегі кедергілер туралы айтты. Шыны керек, кейінгі жылдары газет-журналдарға жазылатындар саны азайып барады. Кейбір өңірдегі жазылымы азайған аудандық газеттердің жекеменшікке өтіп кетіп жатқанына журналистер алаңдаушылық білдірді. 

Ал «Түрік бірлігі» журналының бас редакторы Равшан Мамедоғлы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған сенаторларға ренішін білдірді. Депутат Бибігүл Жексенбайдан әріптестеріне сәлем айтып жіберді.

«Бар-жоғы 4-5 газет қалды. Министрліктің арқасында сол газеттер өмір сүріп жатыр. Қайда біздің ассамблеядан сайланған депутаттар? Тіпті, мерекеде телефон соғып, құттықтауға жарамайды.  Президенттің өзі құттықтап, қабылдап, марапаттап жатыр. Бүгін, міне, Сенат төрағасының құттықтауы мен гүлін алып жатырмыз. Қарындастарымыз мәз болып қалды. Осының бәрі көңіл, қошемет емес ме? Ал ассамблея депутаттары қайда жүр? Әйтпесе, оларда осы жерден шықты емес пе? Жарнама жасаңыздар, насихатымызды жүргізіңдер деп жатады. Сол кезде ғана керекпіз», – дейді Равшан Мамедоғлы.

Оның айтуынша, ҚХА атынан сайланған депутаттар қайдан шыққанын ұмытып кетті,  жай ғана құттықтауға жарамайды. 

«Бастысы бейбітшілік пен келісім емес пе? Отанға бірігіп қызмет етейік. Қайдан шыққанымызды ұмытпайық», – дейді журналист.

Айта кетейік, биыл қыста Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Сенатқа 5 депутат тағайындалған болатын. Олар: Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →