×

Алматы тауларында сел қаупі жоғары

Бұл соңғы 13 күнде қалыптасқан ауа температурасының жоғарылауына байланысты

Алматы тауларында сел қаупі жоғары
dknews.kz

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 2023 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соңғы 13 күнде қалыптасқан ауа температурасының жоғарылауына байланысты, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупінің жоғары дәрежесі байқалады. Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы  мүмкін.

ТЖ министрінің нұсқауына сәйкес Алматы қаласында орналасқан құтқару бөлімшелері жоғары дайындық режиміне келтірілді, ал әкімнің міндетін атқарушының  өкімімен қалалық  азаматтық қорғау қызметтері, аудандық әкімдіктер, азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару, инженерлік техникасы дайындыққа келтірілді.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

“Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға  мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:

- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;

- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіздер;

- демалуға тоқтамаңыздар және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыздар.

“Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →