×

Біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Омар Жәлел желіде тараған биіне қатысты пікір білдірді

Қазақтарда бұрын сал-серілердің бәрі билеген

Біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Омар Жәлел желіде тараған биіне қатысты пікір білдірді
Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде абайтанушы, қазақтың бас биі Омар Жәлелдің қыздармен билеп жүрген видеосы тараған болатын. Бұған қатысты жұрттың пікірі екі жарылды. Атышулы мәселеге Омар Жәлелдің өзі пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің осында билеген биімді Мансұр деген жігіт Tik tok желісіне жүктеген екен. Содан интернеттің бәрі шулап кетті. «Бас биіміздің түрін қара?», «Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көрсе жүрегі жарылып өлер еді» деген пікірлер кетіп жатыр. Сонда адам билеуге болмай ма?, Конституцияда тыйым салынбаған, салт-дәстүрде шектеу қойылмаған. Атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақтарда бұрын сал-серілердің бәрі билеген. «Аққу», «Құс биі», «Бүркіт биі» деген билер болған. Қазір біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Би – құдаймен байланысқа шығу», - дейді Омар Жәлел.

Айта кетейік. былтыр Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Машат ауылында өткен жиында тоғыз облыстан келген билер бірауыздан Төбе би ретінде Омар Жәлелді сайлаған болатын. Кейін би болып сайланған философқа белгілі бір кезеңдерде атқарған ісіне есеп беріп отыруы міндеттелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →