×

Бас прокуратура АИТВ жұқтыруына байланысты еліміздің медициналық мекемелерін тексеруді тапсырды

14 маусымда Алматы ауруханасында үш науқастан АИТВ инфекциясы анықталған болатын

Бас прокуратура АИТВ жұқтыруына байланысты еліміздің медициналық мекемелерін тексеруді тапсырды
ашық дереккөзден

Бас прокуратура АИТВ жұқтыруына байланысты еліміздің медициналық мекемелерін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Алматы ауруханасында үш науқастан АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханада эпидемиологиялық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Кейінірек министрлік АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 500-ге жуық адамнан сынама алынғанын хабарлады. Ал 21 маусымда Ерболат Досаев алғаш рет жағдайға қатысты пікір білдіріп, мәселенің мән-жайын анықтау керектігін айтты.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →