×

Бір млн доллар пара беруге итермелеген күдікті сотқа тартылды

Айыпталушы сотқа тартылды

Бір млн доллар пара беруге итермелеген күдікті сотқа тартылды
ашық дереккөзден

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген ер адам сотқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері алаяқтық және пара беруге итермелеу дерегі бойынша К. Алтаевқа қатысты соталды тергеуді аяқтады.

Оған кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 миллион АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деген айып тағылды.

Айыпталушы К. Алтаев сотқа берілді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Глубокое ауданы Степное ауылының тұрғындары тауыз сусыз отырғандарына ондаған жылдар жүзі болды
ЖИ арқылы камераға түспейтін өлі аймақтар зерттеледі
Көпірдің ұзындығы 170 метр,  биіктігі 80 метр болып 500 адамды бір уақытта көтере алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →