×

«Операция қажет»: Аланиядағы апатқа ұшырағандардың жағдайына қатысты сақтандыру компаниясы түсініктеме берді

Сақтандыру компаниясы ота жасау шығынын өз мойнына алғаны туралы ақпаратты растамады

«Операция қажет»: Аланиядағы апатқа ұшырағандардың жағдайына қатысты сақтандыру компаниясы түсініктеме берді
КазТАГ

Qaz365.kz редакциясы Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарын сақтандырумен айналысқан «Архимедес Қазақстан» сақтандыру компаниясының өкілімен әңгімелесті.

Қаза тапқандардың туыстарының бірімен сөйлескенде, Аланияға Атыраудан екі отбасы аттанғанын айтқан болатын. Олардың әйелдері бірге туған апалы-сіңілі. Зардап шеккендердің үлкенінің күйеуі  сақтандыру компаниясының есебінен бетіне пластикалық ота жасатқан. Екіншісі, қайтыс болған Айгүлдің күйеуі мемлекеттік ауруханада жатыр. Оның жақ сүйегі сынған. Алайда оған операция жасалмаған. Туыстары хирург жоқ деп шағымданады.

«Олар мемлекеттік емханада емделіп жатыр. Енді консул екеуіміз осы емханаға хабарласып көреміз», - деді компания өкілі.

Жоғарыдағы ақпаратты растауды өтіндік. Сақтандыру компаниясы ота жасау шығынын өз мойнына алғаны туралы ақпаратты растамады.

«Науқастар жарақаттарына байланысты жақын жердегі емханаға жатқызылды. Олар дәрігерлердің бақылауында. Әрбір емхана аккредиттелген. Яғни жеке және мемлекеттік емханалар бар. Апат болған кезде жедел жәрдеммен жақын маңдағы емханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта сақтандыру компаниясы барлық міндеттемелерін орындап жатыр.  Біз серіктестерімізбен бірге консулдық және және емханалармен байланыстамыз. Біз сақтандырылған клиенттерімізге қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ешқандай төлемдерден бас тартпаймыз. Өкінішке қарай, пациенттің және басқалардың жағдайы туралы толық ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығымыз жоқ. Сондықтан  әрбір науқас туралы қандай операция жасалғанын нақты айта алмаймыз», – деді компания өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →