×

Ақкенттегі өрт: қаза тапқан әйелді туыстары ақтық сапарға шығарып салды

"Құтқару қызметі кешікпей келгенде, қызымыздың аман қалуы мүмкін еді"

Ақкенттегі өрт:  қаза тапқан әйелді туыстары ақтық сапарға шығарып салды
massaget.kz

Алматының Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде шыққан өрттен қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованы бүгін туыстары жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Марқұмның туыстары "Сөздің шыны керек" бағдарламасына берген сұхбатында "Құтқару қызметі кешікпей келгенде, қызымыздың аман қалуы мүмкін еді. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының "Секірмей, сәл күткенде аман қалар еді" дегені қате, қайта олар уақытында келмеді" деп айыптап отыр дейді.

"Жолдасым, Әселім балконға жүгірді. "Терезеден ауа жұтайық" деді. Менің қолымда немерем бар. Даладағылар "Секір", "Секір" деп айғайлады. "Жанын сақтап қалам ба" деп, тұншыққаннан бірінің артынан бірі секіріп кетті ғой", - дейді марқұмның анасы Жұмагүл Әбдрахова.

Өрт басталғанда үйде марқұм Әселмен бірге оның әпкесі, ағасының 3 жасар қызы және ата-анасы болған. Жұмагүл Әбдрахова балалар өртеніп кетпей, аман қала ма деген оймен кішкентай баланы да "Биіктен секіртеміз бе" деп ойлаған едік" дейді. Кішкентай баланы әжесі көрпеге орап, бұрышта отырған. Оларды құтқарушылар алып шығыпты.

"Демала алмай бара жатқан соң секірді. Мен бірінші секіре алмаймын ғой. Қыздарым ғой, "Қыздарым аман болсын" дедім. Екінші қызым артынан секіріп кетті. Мен екі ортада дал болып тұрған кезде есікті тарсылдатты. Есікті ашып ем - өртсөндірушілер", - дейді Қайрат Бекмұхаметов. 

Әкесінің айтуынша, қызының тынысы тарылып, тұншыққан, тіпті жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқанда да "Ауа, ауа керек" дей берген. Кейін дәрігерлер өкпесін күйік шалғанын айтқан. Сол күні Әселмен бірге секіріп кеткен марқұмның әпкесі - Айжанды бүгін жансақтаудан жалпы палатаға ауыстырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →