×

Астанада күйеуімен ұрсысып қалған әйел балаларымен бірге терезеден секірмек болған

Полицейлер оларды құтақрып қалды

Астанада күйеуімен ұрсысып қалған әйел балаларымен бірге терезеден секірмек болған
polisia.kz

Әйел балаларымен бірге көп қабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

9-қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды.

Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті. Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын. 9-қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көрген. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтып айқайлаған.

Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп жатқанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, сосын пәтерге кіріп, байқатпай жақындап, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізген.

"24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кеше, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →