×

Қырғызстанда 60 мешіт пен медресе жабылды

Діни экстремизмнің таралуына қарсы тұру мақсатында

Қырғызстанда 60 мешіт пен медресе жабылды
Азаттық радиосы

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері діни экстремизмнің таралуына қарсы тұру мақсатында Ош облысында 39 мешіт пен 21 медресені жапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз хабарламасына сілтеме жасап Mediazona CA жазды.

Құжатта радикалды-экстремистік идеологияның таралуына ықпал ететін негізгі факторлар: санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып, мешіттердің бейберекет салынуы және діни білім беру ұйымдарында білім берудің бірыңғай стандарттарының жоқтығы деп нақтыланған. Осы нормаларды бұзғаны үшін 48 мешіт пен 40 медресеге қатысты актілер жасалып, ұйғарым шығарылды. 15 факті бойынша материалдар Құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелді.

60 мешіт пен медресе жабылғанымен қоса, 39 діни және ғибадат орындарының әкімшілігіне айыппұл салынған. Сондай-ақ 39 мешіт сәулет-құрылыс нормаларын бұза отырып салынғандықтан есептік тіркеуге жатпайтыны анықталды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанынан құрылған арнайы комиссия Жалал-Абад облысында заңсыз жұмыс істеп тұрған 60 мешітті анықтаған болатын. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай нысанның 33-і Созақ ауданында, тағы жетеуі Тоғыз-Торо өңірінде, бес заңсыз діни мекеменің әрқайсысы Чатқал мен Ноокен өңірінде жұмыс істеген. Жалал-Абад қаласында үш мешіт , ал Майлуу-Суу қаласында бір мешіт тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген.

Өңірдегі осы және басқа да заңсыз жұмыс істеп тұрған мешіттер мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз салынғаны атап өтіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа діни нысандардың құрылысын бақылауды жалғастырамыз деп сендірді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 2,6 мыңға жуық мешіт, 100-ге жуық медресе және 10 исламдық мекеме бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →