×

Журналист Данияр Молдабековке полиция ғимаратының алдында белгісіз адамдар қоқан-лоқы жасаған

Журналист Есдәулет Қызырбекұлы осы оқиғаға назар аударып, әріптесін қолдауды сұрады

Журналист Данияр Молдабековке полиция ғимаратының алдында белгісіз адамдар қоқан-лоқы жасаған
Тимур Нусимбеков

Журналист Данияр Молдабековке полиция ғимаратының алдында белгісіз адамдар қоқан-лоқы жасаған. Бұл туралы журналистің өзі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бір топ адам оған шаштаразға бара жатқан жолында коқан-лоқы көрсеткен.

“Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің жанынан өтіп бара жатқанымда, орындықта азаматтық киім киген алты ер адам отырды. Олардың кейбірі ірі денелі болды. Мен шашымды алуға бара жатқан едім. Артымнан боқауыз сөз айтып айғайлады. Салон жабық болған соң, мен  кері қайттым. Ер адамдар менің артымнан жүріп, бірдеңе деп айқайлады, бірақ мен олардың маған айқайлап жатқанын білмедім. Сәлден соң олардың маған айтып жатқанын түсіндім. Екі тілде боқауыз сөздер айтып, физикалық күш көрсетеміз деп қорқытты. Мен тротуардан бұрылып, жолдан өттім, олар қоқан-лоқы жасауын тоқтатпады. Сөзін келтіргім келмейді, бірақ олардың арасында біздің бөтен емес екенімізді айтып айқайлаған біреуі болды”, – деп жазды журанлист.

Журналист Есдәулет Қызырбекұлы осы оқиғаға назар аударып, әріптесін қолдауды сұрады.

“Бүгін журналист Даник Молдабековке полиция ғимаратының алдында белгісіз адамдар қоқан-лоқы жасапты. Оны бұған дейін үйіне кіре берісте ұрып та кеткен. Сол уақытта полицияға шағымданған, бірақ «жабулы қазан жабулы күйінде қалған». Даник Қаңтар туралы айтып жүрген санаулы журналистің бірі. Біраз уақыттан бері «Қанды Қаңтар» туралы кітап жазып жатыр.

Бұл оқиғаға бейжай қарауға болмайды. Әріптестерімді Даникті қолдауға шақырамын. Кез келген журналист өзінің жалғыз емес екенін сезінуі тиіс.

«Әділ сөз» ұйымы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен министр Дархан Қыдырәлі үнсіз қалмауы қажет!” – деп жазды ол Facebook парақшасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →