×

Алматыда дүкенде қыз баланың кеудесінен ұстап алған ер адам қамауға алынды

Ондай әрекетке мас күйінде барғанын айтқан

Алматыда дүкенде қыз баланың кеудесінен ұстап алған ер адам қамауға алынды
коллаж Qaz365.kz

Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

18 тамыз күні супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан анықталып, ұсталды.

Атырау қаласының 1988 жылы туған тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке мас күйінде барғанын айтқан.

Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші қыз супермаркетте болған оқиғаның видеосын көрсеткен болатын. Видеода ер адам кетіп бара жатқан қыздың кеудесінен ұстап алады. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →