×

Алматыда халықаралық мектепте зорланған баланың анасы ІІМ мен Бас прокурордан көмек сұрады

Оқушының анасы әділдік сұрайды

Алматыда халықаралық мектепте зорланған баланың анасы ІІМ мен Бас прокурордан көмек сұрады
Qaz365.kz коллажы

Алматы мектептерінің бірінде зорлық-зомбылық құрбаны болған 7 жасар оқушының анасы жаңа мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мен Алматыдағы халықаралық мектептің 1-сыныбына барып, бір аптадан кейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың анасымын. Бір айдан астам уақыт өтті, қылмыскер әлі табылған жоқ. Қазір баламның жағдайы бойынша психологтар психиатрларға баруды ұсынып жатыр.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдардан сұрақтарыма жауап алмағандықтан, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жазуға мәжбүрмін", – дейді әйел видеода. 

Әйел қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен таныс екенін айтты.

“Баламның денесінде қанталаған жаралары мен жырылған жерлері, тік ішектегі жарасы бар. Бұл жарықтар мен жаралар ішек құрттары мен іш қатудан болған деп түсіндіріп отыр. Сонда баламның шалбарын құрттар жыртып тастаған ба?

Мен қарапайым қазақстандықпын, ешкіммен "мықты" байланысым жоқ, сонда әділ тергеуге қол жеткізе алмаймын ба?" – дейді баланың анасы.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 3-1-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тергеп жатқанын хабарлады.

"Комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізіп, оның нәтижелері алынды. Сонымен бірге, істің объективті мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу сарапшылардың қосымша зерттеуін тағайындады, оны азаматшаның ұлына сараптама жасағысы келмеуіне байланысты жүргізу мүмкін болмады. Сотқа дейінгі тергеу ІІМ мен ПД басшылығының бақылауында", – деп қорытындылады полиция.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →