×

«Абайла, қызым!»: Желіде қаза болған кеншінің соңғы бейнежазбасы тарады – ВИДЕО

Марқұм «Қызым, саған айтамын» термесін айтып, қызына арнап өсиет қалдырған

«Абайла, қызым!»: Желіде қаза болған кеншінің соңғы бейнежазбасы тарады – ВИДЕО
Коллаж: Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза болған кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы бейнежазбасы тарады. Видеоны журналист Айсұлтан Жақыпов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодан қаза болған кеншінің Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Қызым, саған айтамын» термесін айтып, қызына өсиет қалдырғанын көреміз.

«Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жаннатта шалқысын», – деп жазады журналист.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болып, 46 кенші қаза болды.

Қазақстан Президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →