×

Қазақстанда жалдамалы пәтер арзандады

Дегенмен бастапқы және екінші нарықтағы баспаналар қымбаттаған

Қазақстанда жалдамалы пәтер арзандады
фото: astana.zagranitsa

Өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл жалдамалы пәтер құны 2,5%-ға төмендеді. Дегенмен бастапқы және екінші нарықтағы баспаналар қымбаттаған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро дерегінше, былтыр желтоқсаннан биылғы қаңтар аралығында жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы 0,7%-ға қымбаттап, бір шаршы метрі 481 891 теңгеге жеткен. Бұл ретте баға көтерілген өңірлер көшін Ақтау қаласы бастап тұр. Аталған шаһарда бір жыл ішінде жаңа баспана құны 28,2%-ға өскен. Ақтөбеде өсім 25,4% болса, Петропавлда баға 20,9%-ға көтерілген.

Ал екінші нарықтағы пәтерлер Семейде - 46,8%, Қызылордада - 38,8%, Ақтөбеде - 37,3%, Ақтауда - 35,4%, Талдықорғанда - 32,9% және Қостанайда 31%-ға қымбаттаған.

Мәлім болғандай, жалдамалы пәтер бағасы Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%) және Алматы (50,7%) қалаларында жоғарылаған.

Сонымен қоса пайдалануға енді берілген баспаналарды қайта сататындар бағаны 0,3%-ға () көтеріп, бір шаршы метрін 515 019 теңгеден саудалап жатыр.

Бұл орайда жөндеу жұмыстары жүргізілген, тұруға қолайлы жағдай жасалған тұрғын үйді жалдау құны әр шаршы метрі үшін - 4 671 теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →