×

Астана резеңке емес, келушілерді шектеу керек – Несіпбек Айтұлы

Астана резеңке емес, келушілерді шектеу керек – Несіпбек Айтұлы
Коллаж: qaz365.kz

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы Байқоңыр ауданы тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында сөз алған ақын Несіпбек Айтұлы Астанаға келушілерді шектеуді ұсынды, деп хабарлайды qaz365.kz. 

Айтуынша, Астана қаласында халықтың көп шоғырлануы көптеген мәселе туындатады. 

“Кейінгі отыз жылда қоғам алмасып, жүйе өзгеріп, жұрттың барлығы қалаға ағылып жатыр. Ауыл қалды. Астананың жағдайы өте қиын. Жылына 40 мың оқушы келеді екен. Астана резеңке емес қой, созыла беретін. Болашақта Астанаға келушілерді шектеу керек. Астананы соза беретін болсақ су және тағы да басқа мәселе проблема бола береді”, – дед ол.

Одан бөлек, ақын руханият мәселесі бойынша әкімнің жеке қабылдауына жазылғысы келетінін жеткізді. 

“Мәселе өте көп екен. Үй, жол, мектеп мәселесін халық айтып жатыр. Өмірі болғаннан кейін бұл таусылмайтын проблема. Тамақ, киім әрқашан табылар. Мемлекеттік болашағы - руханиятта. Астанада жазушылардың проблемасы бар, бізді де қабылдаңыз. "Адамдар үй кезегі, мектеп, жол мәселесін айтып жатыр. Бәрі бір күнде бітпейді. Мәселе айтыла береді. Жиналысты осы жерден тізгінді тартып, ықшамдасақ қалай?", – деді cөзін аяқтады. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →