×

Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті

Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен күрестегі позициясын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz .

«Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті. Әкімдікке келе сала өз позициямды ашық айттым. Әкімдіктегілерге, бизнес өкілдеріне бұдан былай ондай жағдай болмайтынын айттым. Соның өзінде өкінішке қарай, жанымызда жүріп, әр түрлі әрекеттерге барғандар кездесті. Заңсыздыққа жол бергендер өз жазасын алды. Қазіргі таңда толықтай жемқорлық азайды деп айта алмаймын. Естіп отырамын. Заңсыз әрекеттер болса, маған да айтып отырады. Онымен күресетін арнайы орган бар. Өздерінің жұмыстарын атқарып жатыр. Біз өз позициямыздан таймаймыз. Таза, адал жолмен еңбек етеміз», – дейді Ғабит Сыздықбеков.

Былтыр, ол әкім болып тағайындалғанда: «Шымкенттен болған соң, бәрі жемқорлықты айтады – оның бәрі маған әсер етеді. Осы мәселені реттейміз» деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →